2015 жылдың 20 мамырында "Қазатомпром" ҰАК құны 500 млн доллар болатын еурооблигациялар жарияланымдарының барлық қаржысын төледі. Олар 2010 жылдың мамырында 5 жыл мерзімге және 6,25 пайыз сыйақысымен шығарылған еді. Бұл туралы компанияның баспаөз қызметі хабарлады.
"ҚР-ның ұлттық атом компаниясы еурооблигациялардың дебютті шығарылымдарын және купонды сыйақы төлемдерін толығымен жүзеге асырды. Барлығы да еурооблигациялар эмиссиясының шығарылымы талаптарымен орындалды", - деп жазылған компанияның баспасөз баяндамасында. "Қазатомпром" ұлттық атом компаниясы - Қазақстанның уранды және оның қосындыларын, сирек кездесетін металдарды, атом электр станцилары үшін ядролық отынды, арнайы құрылғылар мен екі мақсатта қолданылатын материалды экспорттау жөнінен ұлттық оператор. Компанияның негізгі бағыттары: геологобарлау, уран өндіру, ядролы отын өнімдерінің өндірісі, құрылымды материалдардың өндірісі, энергетика, ғылым, әлеуметтік қамтамасыз ету және кадрларды дайындау. "Қазатомпром" Қазақстандағы қайта жаңғыртылатын энергетиканы дамытушы бағдарламаның белсенді қатысушы болып табылады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024