Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz – Азия даму банкі (АДБ) мен Tengri Bank сауданы қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы kursiv.kz жазады.
Сауданы қаржыландыру бағдарламасы аясында Азия даму банкіне Қазақстандағы импорттық және экспорттық операцияларды қолдау үшін кепілдеме беріледі.
Келісімге АДБ сауданы қаржыландыру бөлімінің басшысы Стивен Бэк пен Tengri Bank-тің қаржы директоры Мұхтар Бекқали қол қойды. Мұндай шешім Джакартадағы халықаралық сауда палатасында банк комиссиясының жыл сайынғы жиынында қабылданды.
«Біз Tengri Bank-тің біздің бағдарламаға қатысқанына қуаныштымыз. Себебі, сауданы қаржыландыру бағдарламасы қатысушылар санын арттырып, Орталық Азия мен Кавказдағы қызметін кеңейтіп жатыр. Бұл серіктестік Қазақстанда сауданы дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді», - деп атап өтті Стивен Бэк.
2000 жылдардан бастап Қазақстан экономиканы әртараптандыру жұмыстарын жасай бастады. Ал соңғы жылдары Қазақстан мен АДБ серіктестігі транспорт пен сауда секторына баса назар аударды.
«Біз үшін сауданы қаржыландыру бағдарламасына қатысып, АДБ-мен серіктестікті бастау үлкен мәртебе. Tengri Bank дамудың жаңа сатысына өтеді. Ол сауданы қаржыландыруда біздің әлеуетімізді арттырады», - деді Мұхтар Бекқали.
Сонымен қатар, сауданы қаржыландыру бағдарламасы аясында тәжірибені арттыру мақсатында семинарлар мен жаттығулар өткізіледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024