Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазком мен БТА бірігуін аяқтады

Қазком мен БТА бірігуін аяқтады

Қазкоммерцбанк (ККБ) пен БТА активтерді алмастыру процесін аяқтады деп хабарлайды ККБ-ның баспасөз қызметі.

Қаржы институтттары бірмезгілде активтері мен міндеттерін алмастыру туралы келісімге қол қойды. Құжат аясында БТА активтері мен міндеттерінің жартысы Қазкоммерцбанкке берілді, ал ҚКБ-ның проблемалы активтерінің жартысы БТА-ға ауыстырылды. БТА активтерінің алдын-ала құны 413 млрд теңге, оған беріліп отырған Қазкоммерцбанк активтері 1,17 трлн теңге деп бағаланып отыр. Осы арқылы, Қазкоммерцбанкке БТА-ның ағымдағы және жинақ есепшоттарының барлығы, тұтынушыларының төлем карталарымен бірге активті карталық есепшоттары беріледі. Сондай-ақ, ҚКБ шағын және орта және бөлшек сауда бизнесінің клиенттеріне берілген несиелерге талап қою құқығына ие болды. БТА-дан келген несие иелеріне арнайы ескертпе жіберіледі. БТА-ның барлық жұмыс істейтін филиалдары мен бөлімдері, негізгі қаржысының бөлігі, тауарлы-материалдық құндылықтары, құнды қағаздары мен ақшалары Қазкоммерцбанкке берілді. БТА-ның "БТА Сақтандыру", "БТА Өмір", "СК Лизинг", "БТА Ипотека" тәрізді еншілес ұйымдары, "Лондон-Алматы", "Әлем кард", "Титан инкассация" сақтандыру компаниялары да ҚКБ-ға ауыстырылды. Өз кезегінде БТА-ға ҚКБ-ның ұжымдық бизнес клиенттеріне берілген неиелерге талап қою құқығы және Kazkom Realty  еншілес компаниясының қатысу үлесі берілді. БТА бөлімдерін қазкоммерцбанктікке ауыстыруды шілденің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Алдағы уақытта БТА Ұлттық банкке банк операцияларын өткізетін лицензиясын өз еркімен қайтарып беру туралы өтінішхат жібереді. "Осыдан кейін  БТА ҚКБ-дан алынған және өзінің проблемалы активтерімен жұмысқа назар аударады. Проблемалы активтермен жұмыс кезінде түскен қаржы ҚКБ алдындағы қарызды өтеуге жұмсалады", - деп түсіндірді Қазкоммерцбанктен.

Похожие материалы