Қазкоммерцбанк БТА Банктің еншілес бөлігі - "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясының акциялар пакетін сатты деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
"Мәміле 2015 жылғы 21 шілде күні жасалды. Сатылған акциялар саны - 1 млн 497 мың 946 қарапайым акция, бұл "Лондон-Алматы" СК жарғылық капиталының 99,86%-ын қамтиды. Сатылым құны халықаралық аудиторлық компания жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша анықталды», - делінген хабарламада. Бұған дейін хабарланғандай Ұлттық банктің қаулысымен «Dostyk Leasing» ЖШС-ге «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясын сатып алуға рұқсат берілген болатын. Айта кетелік жайт, «Лондон-Алматы» СК табысты компаниялар қатарында. Ұлттық банк деректеріне сүйенсек, 2015 жылдың қайтар-мамырында компания 146,1 млн теңге табыс тапқан, өткен жылғы көрсеткіш төменірек – 94,5 млн теңге. 1 маусымдағы жағдай бойынша компания капитализациясы - 6,8 млрд теңгеден жоғары, активтері – 10,6 млрд теңге.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024