Қызылорда. 5 қазан. 7kun.kz - Сенбі, 3 қазанда, Қызылорда облыстық әкімдігі мен Қазкоммерцбанк арасында өзара ынтымақтастық меморандумы өтті. Құжатқа Қазком-ның басқарма төреағасы Мағжан Әуезов пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қол қойды. Бұл туралы "Қазкоммерцбанктің" қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады.
Екі жақ Қызылорда облысының кәсіпкерлерінің экономикалық белсенділігін арттыруға бірлесіп жұмыс атқаруға келісті. Меморандумға сәйкес, әкімшілік пен банк шағын және орташа бизнестің индустриялық-инновациялық жобаларына ерекше көңіл бөлетін болды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды нақты іске асыру болды.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Казком кеңесінің төреағасына аймаққа шақыруына тезірек жауап қайтарғанына алғысын білдіріп, банк ұжымына жұмыстарына табыс тіледі.
"Біздің аймақ өте қызық.Біз ЕҚҚДБ, АДБ, БҰҰДБ, ЭЫДҰ және басқа да халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара қызмет атқарамыз. Жақында орташа класты қалыптастыру сұрақтарын дөңгелек үстелде талқыладық. Мен сіздің шағын және орта бизнесті бірлесе қолдау жөніндегі ұсынысыңызда қолдаймын",-деді облыс әкімі.
"Қазақстандағы ең ірі кредиторлар мен жергілікті кәсіпкерлерді қолдау үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалардың белсенді мүшесінің бірі ретінде, Қазкоммерцбанк жергілікті атқарушы органдармен өзара тиімді серіктестік қарым-қатынас орнатуға және Қызылорда облысының кәсіпорындарымен ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге мүдделі. Біз сондай-ақ барлық жоспарланған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын жалғастыруға ниеттіміз және барлық тараптан тартымды перспективалық жобаларды қаржыландыруға дайынбыз",-деді М. Әуезов.
Сонымен қатар банк делегациясы аймақтағы өз жұмысын жалғастырып, жергілікті кәсіпкерлермен күні бойы кездесіп олардың өндірістік нысандарын аралады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024