Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазкоммерцбанк және БТА өзара активтер мен міндеттемелерді табыстауға кірісті

Қазкоммерцбанк және БТА өзара активтер мен міндеттемелерді табыстауға кірісті

Қазкоммерцбанк және БТА Банк арасында жария етілген интеграция аясында активтер мен мінеттемелерді бір мезгілде өзара табыстау процесі басталды деп хабарлайды Қазкоммерцбанктің баспасөз қызметі.

"Қазкоммерцбанк және оның еншілес ұйымы "БТА Банк" АҚ Қазком мен БТА банктерінің жария етілген интеграциясының аясында бас және еншілес банктер арасында активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде өзара табыстау процесіне кірісті", - делінген хабарламада. Мақұлданған интеграция жоспарына сәйкес, БТА активтерінің бір бөлігі, сондай-ақ осы банктің ағымдағы шоттары мен салымдарының (депозиттердің) иелері мен несие берушілері алдындағы міндеттемелері Қазкома табысталады, бұл ретте Қазкомның күрделі активтерінің бір бөлігі БТА-ға табысталады.  

Похожие материалы