Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазМұнайГаз 2,7 млрд доллар қарыз алды

ҚазМұнайГаз 2,7 млрд доллар қарыз алды

Астана. 19 сәуір. 7kun.kz - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы жалпы құны 2,75 млрд долларды құрайтын еурооблигацияларын шығарды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.

«Халық банктің еншілесі «SkyBridge Invest» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына 2017 жылғы сәуірдің 11-іне орналастырылған еурооблигациялар туралы хабарлады», — деп жазылған KASE таратқан хабарламада.

KASE пен басқа елдер территориясында түскен өтініштер құны 9,2 млрд долларды құраған. Оның ішінде KASE арқылы қабылданған өтініштер саны 25,1 млн долларға жеткен. Жалпы мақұлданған облигациялар мөлшері - 2,75 млрд доллар (KASE арқылы 7,1 млн доллар). 5 жылда өтелуі тиіс еурооблигациялардың табысы 3,95 пайыз деп бағаланған.

Похожие материалы