Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазМұнайГаз БӨ түсімі шамамен 50%-ға төмендеді

ҚазМұнайГаз БӨ түсімі шамамен 50%-ға төмендеді

2015 жылдың алғашқы үш айында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ") ақша түсімі 117 млрд теңгені (632 млн. АҚШ доллары) қамтыды, бұл 2014 жылдың осы кезеңіндегімен салыстырғанда 47% кем деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Пресс-релизде жазылғандай, ақша түсімінің азаюы Brent маркалы мұнайдың 50%-ға - 2014 жылдың бірінші тоқсанындағы 108,2 АҚШ долларынан 2015 жылдың бірінші тоқсанында 53,9 АҚШ долларына дейін арзандауына, және ішкі нарыққа жөнелтілетін мұнай бағасының 53%-ға – 2014 жылдың бірінші тоқсанындағы 48 мың теңгеден 2015 жылдың бірінші тоқсанында 23 мың теңгеге дейін арзандауына байланысты.

2015 жылдың бірінші тоқсанда  өндірістік шығындар 58 млрд теңгені құрады, бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32% артық.

2015 жылдың алғашқы үш айында таза пайда 1,6 млрд теңгені құрады, 2014 жылдың осындай кезеңінде бұл көрсеткіш 123 млрд теңге болған.

Таза ақша қаражатының сомасы 2014 жылдың 31 желтоқсанында 727 млрд. теңге болса, 2015 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша 696 млрд. теңгені қамтыды.

2015 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» ( ПҚИ) компанияларындағы үлестерін есептегенде 3 037 мың тонна (тәулігіне 250 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2014 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен шамалы ғана төмен.

Похожие материалы