Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазМұнайГаз төртінші МӨЗ-дің техника-экономикалық негіздемесін құрастырады

ҚазМұнайГаз төртінші МӨЗ-дің техника-экономикалық негіздемесін құрастырады
 

"ҚазМұнайГаз"- қайта өңдеу және маркетинг" төртінші мұнай өңдеуші зауыт (МӨЗ) үшін алдын-ала техника-экономикалық негіздеме (ТЭН)  құрастырмақшы. Бұл туралы ҚМГ  компаниясы бас директорының кеңесшісі Ғалымжан Амантурлин мәлімдеді.

"Шикізатпен қамтамасыз ету, орналасқан мекен-жайы, қаржыландыру дереккөзін анықтау үшін алдын-ала зерттеу жүргізілді. Көп жоспар бар. Әзірге "ҚазМұнайГаз"- қайта өңдеу және маркетингке" алдын-ала техника-экономикалық негіздемеге тапсырыс беру туралы шешім қабылданды", - деді ол Алматыда өткен "Орта Азиядағы мұнай өңдеу және мұнайхимиясы" атты конференция кезінде. "Бұл сұрақ барлығын қызықтырады. Мемлекет басшысының, үкіметтің Қазақстанда төртінші МӨЗ құрылысын  талқылау туралы тапсырмасы бар. Бүгінде министрлік бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. Оған ҚазМұнайГаз, ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг өкілдері кірді", - деп ақпараттандырды ол. Осыған дейін, энергетика минситрлігі төртінші мұнай өңдеуші зауыттың құрылысын талқылап жатыр деп хабарланған еді. Қазақстан билігі зауыттың қажеттігі туралы сұрақ көтергенімен, министрлік жаңа кәсіпорынның альтернативасы ретінде Шымкент МӨЗ-ін кеңейту жөніндегі мәселені де қарай бастады.

Похожие материалы