Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазМұнайГаз және француздық Schneider Electric бірлескен кәсіпорын ашпақ

ҚазМұнайГаз және француздық Schneider Electric бірлескен кәсіпорын ашпақ

"ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) Ұлттық компаниясы "Schneider Electric" атты француз компаниясымен бірге технологиялық процестерді автоматтандыруға байланысты бірлескен өндіріс  (БӨ) дайындап жатыр, деп хабарлайы ҚМГ баспасөз қызметі.

ҚМГ "KMG Systems&Services" ЖШС-ның еншілес мекемесі. Schneider Electric компаниясы екеуі энергияны басқару және өнеркәсіптік автоматтандыру саласында "KMG Automation" атты бірлескен кәсіпорын ашты. Өнеркәсіптің алуан салаларында технологиялық процестерді автоматтандыру жобаларын жасап, ойластыруға, соның ішінде мұнай және газ кешеніне жергілікті кадрларды пайдаланбақ. Бірлескен өндірістің негізгі мақсаты - жергілікті кадрды дамыту және Қазақстанда жергілікті жинақ жүйелерін күшейту. Соның ішінде, өнеркәсіптік автоматтандыру, бағдарламалық қамсыздандыру және энергияны басқару салаларында қолға алынады. Кәсіпорынның бас кеңсесі Атырауда орналасады. Ұлттық компанияның жалғыз акционері - "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры.

Похожие материалы