«ҚазМедиа Орталығы» медиа-кешені дүйсенбі күні таңертең соңғы қабаттардың бірінен түтін шығуына байланысты қауіпсіз жерге көшірілді.
Қазір ғимараттан аздаған түтін шығуда. Ол жерде 7 өрт сөндіру қызметі жұмыс жасап жатыр. Көшіру жұмыстары Астана уақыты бойынша 11:30-11:40 шамаларында жүргізілді. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз-қызметі әзірге ресми ақпарат бермеді. №3 арнайы өрт сөндіру бөлімінің орынбасары Әлібек Жарбақов ешқандай өрттің болмағандығын айтып отыр. «Аэрозоль қосылып кетіп, ұнтақтың әсерінен түтіндеген. Екінші рет шақыру түскен кезде 6 негізгі және 2 арнайы техника жіберілді», – дейді Жарбақов. Ғимарат ішінде болған адамдардың 95%-ы өрт сөндірушілер келгенге дейін көшірілді. Қазір ғимарат ішінде адам жоқ. «ҚазМедиа Орталығы» – заманауи құрылғылармен жабдықталған еліміздегі ірі телерадио кешені. Осы жерден республикалық теле және радиоканалдардың басым көпшілігі хабар таратады. Осыған дейін аталған гимарат 2013 жылдың мамыр айында өртенген еді. Ол кездегі өртке жоғары кернеудегі кабель изоляциясының тұтануы себеп болған еді. Өрт шарпыған аумақ 200 шаршы метрді құраған.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024