Қазпочта алыс аймақ тұрғындарына арналған қызмет қосты
30 маусым, 2015
«Қазпочта» АҚ алыс аймақ тұрғындарына каталогтан тұрмыстық техника таңдап, несиеге рәсімдеп, үйге жеткізу қызметін қосты. Бұл жөнінде компанияның баспасөз-қызметі хабарлайды.
«Қазақстанда бойынша біздің филиалдық желілеріміз көп. Ол бөлімдерді біз өзара тиімді серіктестік қарым-қатынасты дамыта отырып, түрлі қызметтер қосып отырамыз. Біз кобредингтік жобаларды ұйымдастыру үшін өзге де компаниялармен бірге жұмыс жасауға дайынбыз» - дейді "Қазпочта" АҚ баспасөз-қызметінің басшысы Байрам Азизов. Аталған қызмет еліміздің аудандары мен ауылдарына арналған. Енді алыс ауыл тұрғындары бастапқы жарнасыз Қазпочтада орналасқан HomeCreditBank бөлімшелерінде тұрмыстық техниканы несиеге рәсімдей алады. Қандай тұрмыстық техника алатыныңызды "Белый ветер" және "Мечта" дүкендерінің каталогтарынан таңдай аласыз. Несиенің жалпы құнына тауар, сақтандыру және жеткізу кіреді.Бүгінде аталған қызмет бойынша «EMS KAZPOST» жеткізу қызметі арқылы 1000-нан аса тауар қаладан ауылдарға жеткізілген. «Қазпочта» - Қазақстан Республикасының ұлттық почталық байланыс операторы. Ол почталық, қаржылық және логистикалық қызметтер ұсынады. "Самұрық-Қазына" АҚ компанияның жалғыз акционері.