Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Қазпочта" әр ғимаратқа жеке индекс беруді ұсынып отыр

"Қазпочта" әр ғимаратқа жеке индекс беруді ұсынып отыр

"Қазпочта" АҚ Ұлттық почталық байланыс операторы Қазақстанда жаңа почталық индекстер енгізуді ұсынып отыр. Бұл жөнінде компанияның баспасөз-қызметі хабарлайды.

«Біз жаңа почталық индекстер енгізуді ұсынамыз. Индекстерді әр ғимаратқа жеке беру керек. Мекен-жайы өзгерген күннің өзінде индекс сол күйі қала беретін болады. Бұл идеяны біз Ұлыбританияның почтасы «Royal Mail»-ден алдық», - дейді басқарма төрағасы Бағдат Мусин. Одан бөлек, "Самұрық-Қазына" қорының басшылығымен кездесу барысында "Қазпочта" АҚ-ның өзге де жаңа жобалары таныстырылды. «Біз видеобақылау камераларымен жабдықталған аумақты орталық аштық. Біз енді бөлімшелерді не болып жатқанын бақылап отырамыз. Сәлемдеме беріп жіберу үшін постаматтар орнатылып жатыр. Осылайша бөлімшелердегі кезектің мәселесі бір жолға қойылуда », - дейді компания басшысы. Компания 1499 нөмірі бойынга тегін байланыс орталығын ашқан. "Қазпочтаның" 900 автокөлігі GPS-пен жабдықталған. Сәлемдені бақылауға немесе курьерді шақыруға мүмкіндік беретін mykazpos қосымшасы іске қосылған.

Похожие материалы