Ұлттық почта байланысы операторы 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап өз қызметтеріне жаңа тариф енгізді. "Қазпочта" АҚ-дағылардың айтуынша, жаңа төлем жүйесі "Қазақтелеком" АҚ-ның үлгісімен жасалған. Яғни, тұтынушылар заңды және жеке тұлға деп екіге бөлінеді. Негізінен, тарифтердің көтерілуі екі тарапқа да әсер етуі тиіс еді. Бірақ, монополияға қарсы мекемеде бұл сөзбен келіспеді.
"Жеке тұлғалар үшін біз тарифтерді өзгерткен жоқпыз. Ал, заңды тұлғалар үшін басқа шешім қабылдадық. "Қазақтелекомның" әдісін қолдануды жөн көрдік. Заңды тұлғалар өте ірі көлемде жібереді ғой. Мыңдаған қораптар, оларды сұрыптап, реттеуіміз керек. Ол жердің жұмысы оңай емес, жеткізу бар. Сол себепті тарифті екіге бөлдік: заңды және жеке тұлғаларға ", - дейді "Қазпочта" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин. 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап "Қазпочта" АҚ бағалар былайша өзгерді: - Қарапайым почта карточкасын жіберу құны заңды тұлғаларға да, жеке тұлғаларға да өзгеріссіз қалды (10 граммға 35 теңге). - Қарапайым хат жіберу құны заңды тұлғаларға 20 граммға 112 теңге болды. Әрбір келесі толық не толық емес 20 грамм заңды және жеке тұлғаларға 10 теңге. - Бандероль құны заңды тұлғаларға 50 граммға 112 теңге. Әрбір келесі толық не толық емес 20 грамм заңды және жеке тұлғаларға 10 теңге. Естеріңізге сала кетсек, заңды және жеке тұлғаларға 60 теңге көлемінде бірыңғай тариф енгізілген еді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен заңды тұлғаларға арналған бағам екі есеге көтерілді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024