Экономика
Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін бұзған үшін салынатын айыппұлдар арттырылмақ
Ұлттық экономика министрлінің тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті Қазақстандағы азық-түлік өнімінің қауіпсіздігі саласындағы айыппұлдарды арттыруды қажет шара деп санайды деп хабарлады комитет төрағасы Әлиакпар Мәтішев.
"Бүгінгі таңда біздің азық-түлік қауіпсіздігі бойынша анықтайтын фактілер бойынша 300 АЕК-тен бастап 600 АЕК-ке дейінгі айыппұл санкциялары қарастырылған. Әрине, бұл көрсеткіштер өте төмен. Біз бұл межені жоғарылатып, талапты күшейтуді қажет деп санаймыз, бірақ ол үшін бұған уақыт керек, ұсыныстарды енгізіп, бизнес, сонымен қатар біздің әріпестеріміз тарапынан түсіністік пен қолдау қажет болады", - деп мәлімдеді Ә.Мәтішев сейенбі күні Астанада өткен брифинг барысында.
"Қазір, өкінішке орай, талаптарға сәйкес келмейтін өнімді жойғаннан гөрі айыппұлды төлей салу оңайырақ шаруа болып тұр", - деп түйіндеді ол.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024