Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Азық-түліктің әлемдік бағасы 10,2 пайызға қымбаттады

Азық-түліктің әлемдік бағасы 10,2 пайызға қымбаттады

Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың шілдесінде азық-түліктің әлемдік нарықтағы бағасы 2016 жылдың аталған мерзімінен қарағанда 10,2 пайызға қымбаттады. Бұл 2015 жылдың қаңтарынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш болды. Бұл туралы Қазақстан-Интерфакс хабарлады.

Шілдеде БҰҰ-ның азық-түліктік және ауылшаруашылық ұйымында тағамдардың орташа бағасы 179,1 пунктті көрсетті, бұл маусымдағы көрсеткішпен салыстырғанда 2,3 пайызға жоғары.

Астық өнімдері, қант және сүт өнімдерінің бағасының сақталуына шектелген ұсыныс пен валюталар курсының ауытқуы әсер еткен. Ал ет бағасы өткен аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды. Ал өсімдік майының бағасы төмендеді.

Астық бағасының индексі - 162,2 пункт (5,1 пайыз жоғары). Сарапшылардың айтуынша, бидай мен күріш бағасы өсті. Ауа-райының ыстығына байланысты ақуызы көп астықтар түрінің сапасы нашарлай бастады.

Ал өсімдік майының индексі 1,1 пайызға кеміді. Бұл пальма майының бағасы арзандауымен байланысты.

Ал соның халықаралық бағасы нығайып, рапс пен күнбағыс майлары қымбаттай түсті.

Ал сүт өнімдерінің индексінің көрсеткіші 3,6 пайызғы жоғарылады.

Қой етінің халықаралық бағасының қымбаттауы сиыр, шошқа жән құс еттері бағамының төмендеуімен байланысты. Ал сиыр етінің импорттық сұранысы АҚШ-та азайды. Мұнда жеке өндіру көрсеткіші ұлғайып жатыр.

Ал қант индексі 5,2 пайызға жоғарылады. Бұл бразилия реалының айырбастау курсының кенет көтерілуіне және Тайланд пен Үндістандағы қант мәдениетінің дамуына байланысты.

БҰҰ-ның азық-түліктік және ауылшаруашылық ұйымының тағам индекстері - халықаралық динамиканы бес негізгі азық-түлік тауар топтарында зерттейтін орташа көрсеткіш.

Похожие материалы