Алматы. 26 қараша. 7kun.kz – Дүйсенбі күнгі үкімет отырысында экономикалық ведомство басшысы Тимур Сүлейменов бір апта ішінде баға индексі 0,2% - ға өскенін хабарлады.
Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 1,9%-ға өскен. - Бағаның өсуі келесі тауарларда байқалады: қант-23,4%, қырыққабат-13%, күріш – 12,6%, тауық еті – 11,1%. Азық - түлік өнімдері бағасын көтерудің негізгі себептері - ЕАЭО нарығында өнімдердің қымбаттауы, сондай-ақ өзіндік құн құрылымындағы үстеме шығындардың өсуі , - деп түсіндірді министр. Сүлейменовтың айтуынша, қырыққабат экспорты айтарлықтай өсіп, 9 айда 18,6 мың тоннаны құрады, сондықтан оның бағасы да қымбаттаған. Сонымен қатар, маусымдық және сақтауға жұмсалатын шығындарды ескере отырып, бағаның одан әрі өсуі мүмкін. Күріш бағасының өсуі, министрліктің мәліметінше, жанар-жағар май мен коммуналдық шығындар бағасының қымбаттауына байланысты, ал импорттың үлкен үлесі мен доллар бағамының өсуіне байланысты (тауық етінің 50% - ы АҚШ-тан импортталады) тауық етінің де бағасы өсті. Бағасы 8,6% - ға қымбаттаған күнбағыс майы, бұрын 36% - ды құраған ресейлік күнбағыс майын Түркияға экспорттау үшін баж салығын алып тастап , ресейлік күнбағыс майы түрік нарығына қайта экспорттауға бағытталуына байланысты қымбаттады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024