Алматы. 3 қыркүйек. 7kun.kz – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ биыл 1 млн тонна астық сатып алады, - деп мәлімдеді 3 қыркүйекте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.
«Ағымдағы маусымда «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ 1 млн тоннаға дейін астық сатып алуды жоспарлап отыр», - деді Омаров үкімет отырысында.
Оның айтуынша, үшінші сыныпты бидайды сатып алу бағасы сапалық көрсеткіштерге байланысты тоннасына 62-ден 70 мың теңгеге дейін болады.
Бұдан басқа, мал шаруашылығы саласын қолдау мақсатында биылғы жылы жемдік астық сатып алуды жүзеге асыру жоспарланып отыр: 4 және 5 сыныпты астық бағасы тиісінше 54 және 50 мың теңгені құрайды.
Министр жемдік астықты сатып алу көлемін нақтылаған жоқ, таяуда Қазақстан құс өсірушілер одағының жетекшісі Руслан Шарипов мемлекетке өз саласының жылдық астық сұранысының кем дегенде жартысын – 300 мың тонна сатып алу қажеттілігі туралы айтты.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024