Сенатор Әли Бектаев аграрлық секторды дамытуға "Жасыл даму" АҚ шоттарынан 200 миллиард теңге бөлуді ұсынды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сенатор Әли Бектаев депутаттық сауалында келер жыл "ел аграрлары үшін ауыр болатынын" атап өтті. Оның айтуынша, құрғақшылық әрі минералды тыңайтқыштар, пестицидтер бағасының өсуі бұл салаға кері әсер етеді.
Сонымен қатар, Бектаев Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Ресейден Қазақстанға азық-түлік жеткізу көлемі артуы мүмкін екенін айтты. Осыған орай бейінді мемлекеттік органдар жұмысында проблема туындап отыр.
"Отынмен, минералды тыңайтқыштармен және сумен қамтамасыз етуге байланысты мәселелердің ешқайсысы шешілген жоқ. Алайда субсидиялардың мөлшері мен түрлері, оларды бөлу тәртібін өзгерту жоспарланып отыр. Аграрлық сектор - тәжірибе жүргізу алаңы емес. Керісінше, ауыл шаруашылығына биыл қосымша қолдау көрсету қажет. "Жасыл даму" АҚ шоттарынан 200 миллиард теңгені аграрлық секторды дамытуға бағыттаған дұрыс шығар. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету көліктен гөрі маңызды", - деді сенатор.
Оның айтуынша, минералды тыңайтқыштар бағасының күрт өскен. Ол 2021 жылғы қаңтарда "ҚазАзот" АҚ өндірген аммиак селитрасының тоннасы 81 мың теңге болғанын, желтоқсанда оның құны 200 мың теңгеге дейін, яғни 2,5 есе артқанын айтты. "Қазфосфат" АҚ өндірісінің аммофос бағасы осы кезеңде екі есе артып, 207 мың теңге болды.
Бектаев елдегі минералды тыңайтқыштар бағасы мен экспортын реттеу бойынша қатаң шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024