Алматы. 26 қаңтар. 7kun.kz - Алматыға заманауи әрі ыңғайлы аялдамалар қажет. Алдымен қалада автотұрақтар мен қоғамдық көлікке қатысты мәселелер шешімін тапсын. Кейін автобус аялдамаларының жағдайын жақсартатын боламыз деді қала әкімі Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.
Әкімнің айтуынша, Алматыда 2,5 мың аялдама болса, жаңасының саны 500 ғана. "Біз қаладағы барлық аялдамаларды жаңалағанымыз келеді. Маршруттар кестесі жазылып тұруы керек. Автобустар да уақытында келуі тиіс. Бастысы, адамдар көп күтіп қалмай, барар жерлеріне тез жетсе болды", - дейді әкім.
Әкім автотұрақтарды да ретке келтіру керек деген пікірде. "Адамдар тұраққа келіп, машиналарын қоятын кезде жанына тұрақта қызмет ететіндер келіп, ақша жинайды. Жүргізушінің қолына түбіртек не чек берілмейді. Бір жыл ішінде жергілікті бюджетке бар болғаны 70 млн теңге түскен. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, айына 600 млн теңгеге жуық қаражат басқаның қалтасына түсіп отырған болуы керек. Мұны да ретке келтіру керек дейтінім осы себепті", - деп сөзін қорытындылады Байбек.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024