Экономика
БҰҰ Бас ассамблеясында Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан ұсыныстары жоғары бағаланды
Елбасы АҚШ-тағы сапарын қорытындылап жұмыс бабында кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың сайты жазды.
Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Н.Нығматулин, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Кеңес барысында елбасымыз бұл сапардың нәтижелі болғанын атап өтті. "Біз үш бірдей ірі шараға – жалпы дебатқа және екі саммитке қатыстық. Сондай-ақ көптеген кездесу өткіздік, солардың маңыздылары АҚШ Президентімен және Американың ірі компанияларының басшыларымен келіссөздер болды", – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев біздің республикамыз ұсынған бастамалар халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары бағаланғанын, енді оларды жүзеге асыру үшін өзге елдермен бірлесе жұмыс жүргізу керектігін айтты. Кеңес соңында Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігіне, Үкіметке және Сыртқы істер министрлігіне бірқатар нақты тапсырма берді.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024