Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды

Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды

2015 жылдың 2-8 маусым аралығында Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталады.

2015 жылы Қазақстанда 124 346 оқушы мектеп бітірген. Оның ішінде 84 248 түлек қазақ мектебін, 40 062 орыс тілді білім беретін мектепті аяқтаған. ҰБТ-ға қатысуға барлық түлектердің 71 пайызын құрайтын 87 782 талапкер білдірген. Мұның ішінде қазақ тілінде білім алғандар - 62 384, орыс тілінде - 25 398. Осы жылы 12 жылдық білім беру бойынша оқыған түлектер де ҰБТ тапсырады. 12 жылдық білім алушылардан 341 өтініш келіп түсті. Оның ішінде қазақ тілді - 236, орыс тілді - 105.

ҰБТ енгізілгелі бері 11 жыл ішінде тестілеуден 1 млн 422 мектеп түлегі өткен. Бұл барлық түлектердің 80 пайызын құрайды.

Ағымдағы жылы ҰБТ өткізілетін бөлімшелер саны 10-ға көбейген. Көптеген шалғай аудандарда: Ақтөбе облысында (Алға, Мартук, Қарғалы аудандары), Алматы облысы (Іле ауданы), Атырау облысы (Исатай ауданы), Қарағанды облысы (Ақтоғай ауданы), Қызылорда облысы (Жалағаш ауданы), Шығыс Қазақстан облысы (Абай ауданы) және Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде бөлімшелер жұмыс жасайды.

ҚР Білім министрлігінің айтуынша, жыл сайын тес тапсырмаларының базасы 20-30 пайызға жаңарып отырады. 2014-2015 жылы база 21 200 тапсырмамен толыққан. Оның ішінде 3 000 тапсырма логикалық. 2012 жылы математика пәнінен бір логикалық сұрақ болса, 2015 жылы екеу болмақ.

2016 жылдан бастап ҰБТ-да жаратылыстану-математика бағытындағы атқарымдық сауаттылықты тексеруге арналған тапсырмалар енгізіледі.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы ҰБТ-ға өзгерістер енгізілгенін айтқан болатынбыз. Және де мемлекеттік гранттар туралы да мына жерден оқи аласыздар.

 

Похожие материалы