Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бүгін «Серпін-2050» жобасы аясында гранттарға өтініш қабылдау аяқталады

Бүгін «Серпін-2050» жобасы аясында гранттарға өтініш қабылдау аяқталады

Бүгін «Серпін-2050» жобасы аясында гранттарға өтініш қабылдау аяқталады. Бұл туралы жобаның үйлестіру кеңесі хабарлады.

Әлеуметтік маңызды жоба бойынша өткен жылы 2050 жас оқуға түскен. Биыл грант 3 есеге өсіп, 6200-ге жетті. Олардың 5 мыңы тек жоғары оқу орындарының гранттары. Алайда, үйлестіру кеңесі өкілдерінің жазуынша жобаға қатысуға ниет еткен түлектер саны аз болып тұр.«Көптеген мамандықтарда орын бар, құжат тапсырған түлектер аз» дейді үйлестірушілер. Шілде айының 29 күнгі мәлімет бойынша жоба бойынша бөлінген білім гранттары үшін төмендегі мамандықтарға өтініш аз болған:
  • 5B011100 - информатика-125 грант бөлінген. 39 адам құжат тапсырды.
  • 5B012000 - кәсіптік оқыту-40 грант бөлінген. 13 адам құжат тапсырды.
  • 5B070300 - ақпараттық технологиялар-105 грант бөлінді, 35 адам құжат тапсырды.
  • 5B070400 - есептеу техникасы және бағдарламалау-140 грант бөлінді. 61 адам құжат тапсырды.
  • 5B070600- Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау-60 грант бөлінд. 28 адам құжат тапсырды.
  • 5B070700 - тау-кен ісі 90 грант бөлінді. 22 адам құжат тапсырған.
  • 5B070900 - металлургия 120 грантқа 40 адам құжат тапсырды.
  • 5B071200 - машина жасау 155 грантқа 56 адам құжат тапсырған.
  • 5B071300 - көлік, көлік техникасы және технологиясы 270 грантқа 112 адам құжат тапсырған.
  • 5B071600 - прибор жасау 60 грантқа 6 адам құжат тапсырған.
  • 5B071700 - жылу энергетикасы 125 грантқа 32 адам құжат өткізген.
  • 5B072000 - Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы- 70 грантқа 20 адам құжат өткізіпті.
  • 5B072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы 115 грантқа 28 адам құжат тапсырған.
  • 5B072300-техникалық физика 40 грантқа 9 адам құжат өткізген.
  • 5B072400- Технологиялық машиналар және жабдықтар «сала бойынша) -200 грантқа 34 адам құжат тапсырды.
  • 5B072700- Азық-түлік өнімдерінің технологиясы-90 грантқа 21 адам құжат өткізді.
  • 5B072800- Қайта өңдеу өнеркәсібі технологиясы (салалар бойынша)-85 грантқа 16 адам құжат тапсырған.
  • 5B072900-Құрылыс-230 грантқа 102 адам құжат өткізді.
  • 5B073000- Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру-50 грантқа 5 адам құжат тапсырды.
  • 5B073100-Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау-145 грантқа 35 адам құжат өткізді.
  • 5B073200- Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)-130 грантқа 48 құжат тапсырылды.
  • 5B073700- Пайдалы қазбаларды байыту -25 грантқа 5 адам құжат өткізді.
    5B074500- Көлік құрылысы-65 грантқа 8 адам құжат тапсырды.
  • 5B080300- Аңшылықтану және аң шаруашылығы -10 грантқа 1 адам құжат тапсырды.
  • 5B080400- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау-15 грантқа 3 адам құжат өткізген.
  • 5B080600- Аграрлық техника және технология-55 грантқа 7 адам құжат тапсырды.
  • 5B080800- Топырақтану және агрохимия-25 грантқа 7 адам құжат өткізді.
  • 5B081100- Өсімдік қорғау және карантин-15 грант бөлінді, ал құжат тапсырғандар 7 адам ғана.
«Ескеретін бір жайт, «Серпін-2050» жобасына бөлінген гранттар нақты университеттерге бекітілген. Сондықтан, оларға тек жоба бойынша жастарды жолдаушы аймақтардың азаматтары қатысады. Әрі өзара конкурс та сол аймақ жастарының арасында өтеді. Олай болса Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының түлектерінің мүмкіндігі зор. Тек қабылдау комиссияларына құжат тапсыру уақыты аяқталып келеді», дейді үйлестіру кеңесінің мүшелері. Өкінішке қарай жобаның маңыздылығына қарамастан кедергі жасауға талпынғандар да көп екен. Мысалы: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының басшылығы жоба бойынша құжат қабылдау комиссияларына өз ғимараттарынан орын беруден бас тартты. Еске сала кетейік, бүгін кешке жоба бойынша құжат қабылдау аяқталады. Жоғары оқу орындарына құжат тапсыру университеттерде, колледждерге құжат апсыру колледждерде жүргізіліп жатыр. Жоба грантынан үмітті жастар кешке дейін құжат тапсырып үлгеруі керек. Толық ақпаратты www.serpin-2050.kz сайтынан алуға болады.

Похожие материалы