Алматы. 8 шілде. 7kun.kz - Тайландта үңгірде қамалып қалған 12 бала мен жаттықтырушыны құтқару алдағы 3-4 күн ішінде жүзеге асуы мүмкін, деп хабарлайды abctv.kz.
Операцияға жауапты мамандар осылай дейді. Себебі бірнеше күннен кейін аймақта қайтадан жауын жауып, құтқару жұмыстары мүлде қиындап кетуі мүмкін. Ал қазір балаларды сыртқа алып шығудың бірнеше жолы қарастырылып жатыр.
Құтқарушылар үңгірді қазып кеңейтуге тырысуда. Бірақ оның да әзірге нәтижесі шамалы. Балаларды құтқарудың тағы бір жолы – оларға дайверлер пайдаланатын құралдарға бейімдеп алып шығу. Қазір мамандар көмегімен балалар машықтанып та жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, америкалық кәсіпкер Илон Маск үңгірге нейлон құбырын тартып, жас футболшыларды сол арқылы шығарып алуды ұсынды. Сондай-ақ кәсіпкер құтқару операциясына көмектесу үшін өз мамандарын жіберді. Екі аптадан бері үңгір құрсауында қалған жас футболшылар қиындықты жеңуге үмітті. Оларға тамақ пен оттегі үзбей жеткізілуде. Жақында балалар ата-аналарына хат жолдап, аман-есен қауышатындарына сенімді екенін жеткізген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024