Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің басқарушы директор қызметіне Нұржан Нұрланов тағайындалды, деп хабарлайды холдинг баспасөз қызметі.
Нұрланов American InterContinental University (Ұлыбритания) университетінде бакалаврды, University of Wales университетінде магистратураны, Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде техника және мұнайгаз технологиялары мамандығы бойынша бакалаврды аяқтаған. Сондай-ақ, ол -экономика ғылымдарының кандидаты.
Бірнеше жыл «KAZNEXINVEST» Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің менеджері, Инвестициялық ынтымақтастық департаментінде директор, Аймақтық ынтымақтастық қызметінде басқарушы директор, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің аймақтық даму бөлімінің сарапшысы, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қаржы жөніндегі басқарушы директор, «ҚазТрансГаз» АҚ газ маркетингі жөніндегі басқарушы директоры, Техникалық саясат жөніндегі бас директордың орынбасары қызметін атқарған.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024