Астана. 24 қаңтар. 7kun.kz - «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасының орынбасары болып Айдар Арифханов тағайындалды. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады.
Холдинг таратқан ақпарат бойынша Айдар Арифхановтың мемлекеттік басқармада 20 жылдық тәжірибесі бар.
Анықтама:
1997-1998 жылдар – қаржы министрлігінің сыртқы қолдауымен бағдарламалық және әлеуметтік қарыз беретін бөлімнің бас маманы;
1998-2004 жылдар – бағдарламалық-әлеуметтік қарыз беру және мемлекеттік кепіл мен мемлекеттің сыртқы қарыздарын басқару бөлімдерінің, сонымен қатар, үкіметтік қарыз бен мемлекеттік кепіл басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Мемлекеттік қарыз және қаржы министрлігін кредиттендіру департаменті директорының орынбасары болған;
2004-2006 жылдар – қаржы вице-министрі;
2006 жылы – премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары;
2006-2007 жылдар – еңбек және әлеуметтік қорғаныс вице-министрі;
2009 жылы – премьер-министрдің кеңесшісі;
2009-2010 жылдар – ақпарат және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары;
2010-2011 жылдар – «Қазақтелекомның» басқарушы директоры;
2011-2015 жылдар – «»Казатомпром» Ұлттық акционерлік компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып, уақытша басқарма төрағасы міндеттерін атқарған;
2015-2017 жылдар – ұлттық экономиканың вице-министрі (11.2015-01.2017 жылға дейін)
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024