"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ активтері 2014 жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 27%-ға артып, 2,37 триллион теңгені қамтыды деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.
«Холдинг табысы 13-ға артып, 170 миллиард теңгені қамтыды. 30,8 миллиард теңге көлеміндегі түсім күтілуде», - делінген хабарламада.
Компания ақпаратына сүйенсек, 2014 жылы холдинг 509 млрд теңге соммасына несиелер берген, осылайша жалпы несиелік қоржын 60%-ға артқан. Оның ішінде тұрғын үй несиелеріне 97,8 млрд теңге соммасы бөлінген, бұл да 2013 жылғы көрсеткіштен 60%-ға артық. 2014 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 429,3 мың шаршы метр, 7 мыңнан астам отбасы баспаналы болды.
"Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың арқасында 75 миллиард теңге соммасына 305 жаңа жоба жұмыс істеп бастады. Бұрындары проблемалы болып есептелінген 15 кәсіпорын пайдалануға берілді. Осы әрекеттер нәтижесінде 2400 адам жұмыспен қамтылды", - деп мәлімдеді компания.
2014 жылы экономикаға құйылған тікелей инвестициялардың үлесі 40 млрд теңге, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 17 млрд теңгеге немесе 74%-ға артық.
Ақпарат көзі: newskaz.ru
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024