Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бүкіләлемдік банк нашар дамыған елдер үшін қарыз алады

Бүкіләлемдік банк нашар дамыған елдер үшін қарыз алады

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz - Банк нашар дамыған елдердің атынан облигация орнатуға дайын. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдағы 3 жылда бүкіләлемдік банк дәл осылай облигацияларды орнату арқылы 8 млрд доллар тартуды жоспарлап отыр. Мұндай бондтар (кепілхат) шығарылымы банкте әзірге жоқ. Алайда аталған құралдарға қаражат алатын мемлекеттерден де, инвесторлар тарапынан да сұраныс бар. Мұндай бондтардың несиелік рейтингі берілгелі отырған мемлекеттердегіден жоғары, ал кірісі көптеген ірі тәуелсіз эмитенттерден жоғары.

Соңғы 10 жылда мемлекетаралық бондтар шығарылымы екі еселенді, 2016 жылы 265 млрд долларға жетті (Dealogic мәліметтері), осындай қарыздар есебінен Халықаралық қайта құру және даму банкі (Бүкіләлемдік банк тобына кіреді) 10 жылда 361 млрд доллар пайда тапты.

Бұл нарыққа Бүкіләлемдік банктың тағы бір құрылымы - Халықаралық даму ассоциациясы қосылуға дайындалып жатыр. Ол 1960 жылы нарықтық кірісті төлеу қиынға соғатын мемлекеттерге ұзақ уақытқа несие беру үшін құрылған болатын.

Несиелер негізінен инфрақұрылымдық жобалар, білім және денсаулық сақтау салаларын дамытуға арналған. 60 жылға жуық уақытта 30 млрд доллар ақшалай және 160 млрд доллар акция жинақталған.

"Халықаралық даму ассоциациясының капитал нарығына шығуы несиелендіруді 1,5 есе арттырады", - деген болжам жасады бүкіләлемдік банк.

Маусым айының соңында 322 млн долларға "пандемикалық облигация" таратты. Бұл қаражат эпидемиядан зардап шегетін нашар дамыған елдерге арналған. Шығарылым екі рет қайта жазылып шыққан. Инвесторлар  жүйелі түрде пайда тауып отырады, алайда инфекциялық ауру таралатын болса, инвесторлар қаражатының бір бөлігінен айырылады.

Еске салсақ, 2014 жылы Бүкіләлемдік банк ААА рейтингі жоқ облигацияларды алғаш рет таратқан. Бұл Кариб теңізі жағалауындағы жер сілкінісі мен дауылдан мемлекеттерге көмек ретінде бөлінген бонд болатын.

Похожие материалы