Қазақстанда «Б» корпусының басқару деңгейіндегі мемлекеттік қызметкерлерге арналған ротация институты енгізіледі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.
«Б» корпусының басқару деңгейі үшін ротация институты енгізілуде. Егер де бұрындары ротация «А» басқарушы корпусына ғана қатысты болса, енді бұл элементтер «Б» басқарушы корпусы үшін жаңа модельге енгізілді», - деді С.Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның сөзінше, мемлекеттік қызметкерлер үшін ротация үш жылда бір рет өткізіліп тұрады. Егер басшы немесе мемлекеттік қызметкер лауазымында жұмысын жалғастырғысы келсе, онда бұл мерзім тағы үш жылға ұзартылады. Екінші мерзім аяқталғаннан кейін, ол міндетті ротацияға жатқызылады немесе басқа қызметке ауыстырылады, сондай-ақ олай болмаған жағдайда жұмысынан босатылады. Сонымен қатар, С.Ахметжанов әлеуметтік қорғау шаралары да ескерілетінін атап өтті. «Дәлелді себептер бойынша мемлекеттік қызметкерлердің, мысалға жалғыз басты ана, қарауында мүгедек балалары бар ата-аналардың өтініші ескеріледі және олар ротациямен қамтылмайды», - деді ол.
Фото: newskaz.ru
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024