Маңғыстау. 24 шілде. 7kun.kz - Маңғыстау облысында 2017 жылдың І тоқсанындағы бөлшек сауданың жалпы көлемі барлық өткізу арналары бойынша нақты бағамен 66 млн 378,3 мың теңгені құрады. Бұл туралы статисткиа комитеті хабарлады.
Көрсеткіш 2016 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 0,6 пайызға азайды. Аталған мерзімдегі бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемі барлық өткізу арналары бойынша нақты бағамен 66378,3 млн теңгені құрады. 2016 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 0,6 пайызға азайды. Жеке кәсіпкерлердің, соның ішінде базарда сауда жасайтындардың бөлшек саудасының көлемі 2017 жылдың қаңтар-маусым айында 20451,6 млн теңгені құрады. Яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,5 пайызға төмен. Сауда жасаушы кәсіпорындар мен ұйымдардың бөлшек сауда айналымының көлемі 2017 жылдың қаңтар-маусымдағы 45926,7 млн теңге болды. Яғни 2016 жылдың осы кезеңінің бағасын салыстырғанда 3,4 пайызға жоғары.
Дереккөз: abctv.kz