Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – Желтоқсан айында рителдің көлемі 194,9 млрд теңгені құраған – бұл 2016 жылмен салыстырғанда 24 пайызға көп. Инфляция есебінше, бөлшек сауданың физикалық көлемі жылына 8,3 пайызға өсті, Ranking.kz.
Әдеттегідей, бөлшек сауданың ресми бөлігін Алматы қаласының тұрғындары жасаған: Алматыға рителдің 41,4 пайызы келген – 80,8 млрд тг, +20,1 пайыз жылына.
Сондай-ақ, алдыңғылардың қатарында - Қарағанды облысының сауда орталықтары мен дүкендері (19,4 млрд теңге + 20,8 пайыз жылына), Шығыс Қазақстан облысы (19 млрд теңге + 24,3 пайыз) және астаналар (16,9 млрд теңге,+ 63, 7 пайыз жылына - бұл Қазақстандағы ең жоғары өсу қарқыны).
Бөлшек саудадағы компанияларға өз салқынынын тигізген 2015 жылғы дағдарыстан кейін,жағдай түзеліп келеді. 2016 жылдың қорытындасында бөлшек сату көлемі 2 пайызды құраса, ал 2017 жылы бірден 6,3 пайызға дейін өскен. 2017 жылдың қорытындысы бойынша сауда кәсіпорындары елдің жалпы ішкі өнімінің 15,5 пайызын қамтамасыз етті.
Екі астана да сауда-саттық саласында ғана емес, сондай-ақ жалпы өңірлік өнімдегі сауданың үлесі тұрғысынан да маңызды рөл атқарады. Мәселен, қаржы орталығы ретінде Алматы сауда кәсіпорындары ЖІӨ-нің 31,1 пайызын, Астанада - 22,8 пайызды берді.
Оңтүстік астананың бөлшек сауда кәсіпорындары арасында, бөлшек саудада жұмыс істейтіндері - мысалы, ең үлкен азық-түлік сатушылар: «Скиф Сауда» – Smal желісі, «Гермес – Трейд» - «Реалист» дүкендері, қазақстандық-германиялық «Interfood» компаниясы, «Рамстор Казахстан» желісі, «Дастархан» компаниялар тобы, сондай-ақ дүкендер, мейрамханалар мен ойын-сауық кешендері бар. Тұрмыстық техника, мобильді құрылғылар мен электрониканы сататын «Arena S» («Sulpak»), «Планета электроника» желісі, «Евросеть Казахстан» және басқалар. Компьютерлер мен перифериялық құрылғыларда, мысалы, Gulser компьютерлері. Кітаптар, ойындар және ойыншықтар - «Меломан Home Video», косметика және гигиена құралдары бойынша - «Monаmie.kz», фармацевтикада - «Europharmа» желісі және т.б. Астанадағы бөлшек сауда жасайтын компаниялар қатарында - құрылыс заттарына арналған ірі дүкен «Мегастрой Астана DIY», техника сатуға маманданған «Мечта» желісі, «Гиппократ» дәріханалар желісі және т.б.
Қания Табыс