Экономика
БҚО-да «Қазгидромет» филиалының экс-басшысы 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
Орал. 21 қазан. 7kun.kz - БҚО-да «Қазгидромет» кәсіпорнының филиалының бұрынғы директоры Д.Оралымбетовке қатысты сот үкімі заңды күшіне енді деп хабарлайды БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.
Ол филиалдың қызметкерлеріне сыйақы беру туралы бұйрық шығару арқылы 1 541 000 теңгені қолды еткен. Сондай-ақ, жұмысшының жалақысына үстемақы төлеу арқылы 1 638 592 теңгені, 2016 жылы іссапар мерзімін негізсіз ұзарту немесе жалған іссапарды рәсімдеу арқылы мемлекетке тиесілі 1 588 901 теңгені жымқырған.
"Оралымбековтің кінәсі сотта дәлелдемелерді зерттеу арқылы расталып, қалалық соттың 06.09.2017 жылғы үкімімен кінәлі деп танылды. Сот Оралымбетовтің қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркілеп, өмір бойы мемлекеттік органдарда лауазым атқару құқығынан айырып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді", - делінген хабарламада.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024