Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Б.Сұлтанов: Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда статистикасында айырмашылық бар

Б.Сұлтанов: Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда статистикасында айырмашылық бар

Қазақстан мен Қытайдың сауда статистикасында келіспейтін тұстар бар деп мәлімдеді еліміздің қаржы министрі Бахыт Сұлтанов.

"Әліге дейін ҚХР-мен сауда статистикасындағы келіспейтін тұстар шешілген жоқ. Бірнеше жылдар бойы 5 млрд доллар айырмашылық орын алып келеді", - деді Б.Сұлтанов үкіметтің 2014 жылғы республикалық бюджеттің игерілгендігі туралы есебі кезіндегі мәжіліс отырысында. "Айырмашылық жасауға біздің еліміз арқылы басқа елдерге транзит баратын қытай эскпорты себеп болып отыр. ҚХР-да құрлықтағы бірінші шекара экспорт елі болып табылады. Ал біз үшін бұл импорт емес транзит деп есептеледі. Бірақ бұл проблеманы шешпейді. Әдістемелік түсіндірме болса, әдісті ауыстыру қажет", - деп атап өтті министр. Оның сөзінше, ҚХР-дың Қазақстанмен ғана емес Кедендік одақ елдерінің басқа де елдерімен осындай айырмашылықтары бар. Сауда статистикасы бойынша, Қытай Ресеймен 6,9 млрд доллар, Қырғызстанмен 4,1 млрд доллар айырмашылық жасайды.  Сондай-ақ оның атап өтуінше, Қытайдан импортталатын тауарлардың кедендік салығынан бюджетке түсетін табыс 5 жыл бойы оң динамика көрсетіп келеді.

Похожие материалы