Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – БҰҰ сарапшылары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мандатына сәйкес Saudi Aramco кәсіпорнының мұнай нысандарына жасалған соңғы шабуылдарға тексеру жүргізу үшін Сауд Арабиясына аттанды, деп хабарлайды Интерфакс.
«Қауіпсіздік Кеңесінің 2231 қарарына сәйкес осы мақсатта нақты мандат бар БҰҰ сарапшылары (…) Сауд Арабиясына аттанды. Олар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі берген мандатқа сәйкес жұмыс істейді. Бұл бірінші рет емес. Мұны Қауіпсіздік Кеңесінің мандаты нақты айқындайды», - деді Дүниежүзілік ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш.
Гутерриштің айтуынша, Сауд Арабиясындағы мұнай нысандарына жасалған шабуылдар бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіреді, демек бұл мәселе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің міндетіне кіреді.
14 қыркүйекке қараған түні Saudi Aramco кәсіпорындарына шабуыл жасалған болатын. Атап айтқанда, елдің шығысында орналасқан әлемдегі ең ірі мұнай өңдеу кешеніне шабуыл жасалды. Бұл Сауд Арабиясында мұнай өндірудің екі есеге - тәулігіне 5,7 млн баррельге азаюына әкелді.
Хуситтік йемендік бүлікшілер шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, бірақ АҚШ олардың бұл іске араласқанына күмәнданды және болған жағдайға Иранды айыптады. Тегеран бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024