Экономика
Б.Жәмішев: Теңге құнсыздануы ұлттық экономиканы қалпына келтіру үшін қажет болды
Теңге құнсыздануы ұлттық экономиканы қалпына келтіру және құтқару үшін қажет болды. Қазақстан Даму банкінің басшысы осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды КТК арнасы.
Болат Жәмішевтің сөзінше, бір жарым жыл ішіндегі девальвациялық болжамдардың жоғары болуы нарықтағы ірі инвесторлар мен екінші деңгейлі банктерді қорқытып жіберген.
"Елдегі девальвациялық болжамдар жоғары болды. Ресейдегі және бірнеше елдегі валюта құнсыздануынан кейін барлығы бізде де болады деп жоспарлады және бұл нарықтағы инвестициялық белсенділікке әсер етті. Жоғары девальвациялық болжамдар девальвациямен аяқталуы қажет еді , бірақ деальвация... Девальвация міндетті түрде банк жүйесіне белгілі бір деңгейде қауіп әкеледі", - деді Болат Жәмішев сұхбатында.
Сондай-ақ, ол Даму банкінің он бес ірі жобаның бесеуіне қатысты қарызды қайта құрылымдауға мәжбүр болғандығын да айтты. Осы жылы басталуы қажет өзге 9 жобаны тек теңгемен несиелендіреді.
"Біз несиеге беретін орташа мерзім - 12 жыл. Біз барлығымыз осы үлкен аралықта ұлттық валютаның әлемдік валюталарға қатысты әлсізденуге ұшырайтындығын білеміз", - деп атап өтті банк басшысы.
"Тіпті курс еркін айналымға көшсе де сенім болуы қажет. Сол кезде ғана ұлттық валюта нарығы ашылып, дамиды", - деді Болат Жәмішев.