Алматы. 3 шілде. 7kun.kz — Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) билігі жаңа инвесторларды тарту мақсатында шетел азаматтарына экономиканың түрлі салаларындағы жергілікті компаниялардың 100%-дық үлесін иеленуге рұқсат береді.
Федералдық үкімет жеке әмірліктерге "жағдайға байланысты әрбір мекемеде үлестік қатысу пайызына қатысты шешім қабылдауға" мүмкіндік береді, деп жазды БАӘ премьер-министрі және Дубай әмірі Мохаммед ибн Рашид Аль Мактум Twitter-де.
"Біз жаңа экономикалық секторларға қол жеткізіп, жаңа шетелдік инвесторларды тартқымыз келеді", - делінген хабарламада.
Жаңа ережелер шетелдік инвесторлардың жергілікті компанияларда 49%-дан артық үлестерді иеленуге тыйым салуды қарастырған федералдық талапты жояды.
Шетелдік инвесторлар компаниялардың көптеген секторларында, соның ішінде ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік, сондай-ақ ойын-сауық индустриясы мен жаңартылатын энергетика секторында 100% үлеске ие бола алады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024