Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау кәсіпкерлерімен кездесті

Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау кәсіпкерлерімен кездесті

Ақтау. 26 қазан. 7kun.kz - ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесі мүшелерімен кездесті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.

Шара қатысушылары мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, несие ресурстарының қолжетімділігін арттыру, туристік салаға қолдау көрсету, ауыл шаруашылығын дамыту үшін суаруға арналған сумен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Бақытжан Сағынтаев отандық бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау  жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті. Бүгінде бизнеске рұқсат құжаттамасының саны шамамен үш есеге қысқартылды.

Сондай-ақ, түрлі есептемелер мен мәлімдемелердің, негізсіз салық тексерудің санын қысқарту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бұдан өзге, бизнестің мемлекеттік сатып алуларға және квазимемлекеттік сектор сатып алуларына қолжетімділігін арттыру бойынша көлемді жұмыстар жүргізілді. Қазақстанның әрбір жүйе құраушы кәсіпорны бойынша жергілікті қамту көлемін ұлғайтудың мақсатты индикаторларын орнату жұмыстары бастау алды.

Қаржылық қолдау көрсету шаралары бойынша, қазіргі уақытта мемлекет Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асырып жатыр. Оның аясында тиімді мөлшерлеме бойынша 18 млн теңгеге дейін шағын несиелер беріледі.

 

Похожие материалы