Астана. 16 ақпан. 7kun.kz - ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев инвестициялар бойынша "Kazakh Invest" ұлттық компаниясының директорлар кеңесін басқарады. Бұл туралы инвестиция және даму министрлігіндегі инвестициялар бойынша комитеттің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді.
"Ол ұлттық компанияның деңгейі жоғары болады. Инвесторлардың тікелей министрлермен тіпті үкімет басшысымен байланысуға мүмкіндіктері бар. Енді ұлттық компанияның директорлар кеңесін премьер-министр басқарады деген шешім қабылданды", - деп мәлімдеді ол үкімет үйіндегі баспасөз қызметінде.
Оның сөзінше, қайта құру процедурасы және "Кazakh Invest" компаниясын құру жұмысы ақпанның соңына дейін аяқталуы қажет. Ұлттық компанияның шетелдерде өкілдіктері мен филиалдары болады. Басты қызметі - үкімет атынан трансұлттық корпорациялармен келіссөздер жүргізу.
"Бұл компанияның шетелдерде филиалдары құрылады. Визалық көмектен бастап кездесулерді ұйымдастыруға, келіссөздерге және рұқсат беруге қатысты жұмыс атқарады", - деп түсіндірді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024