Баян Мақсатқызы күйеуінің бизнесін тартып алмақ болғандардың аты-жөндерін айтты
Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Баян Мақсатқызы Instagram-да Тұрсынғали Алагөзовтің бизнесін тартып алмақ болғандардың аты-жөндерін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
"Бір ай бұрын мен жұбайым Тұрсенғали Алагөзовтің Galanz Bottlers компаниясын рейдерлік жолмен басып алуға қатысты мәлімдеме жасап, онда осы қылмысқа қатысқандардың барлығын атауға уәде бердім. Бірақ қозғалған қылмыстық іс пен тергеу шаралары бізден ақпаратты жария етпеуді талап етті. Тергеуге қарамастан, атақты кланға жақын адамдар заңсыз құжат жасап, тіркеуді жалғастыруда", – дейді Баян Мақсатқызы.
Оның айтуынша, өткен аптада бұл адамдар компанияға басып кіріп, төбелес шығарып, қызметкерлерді қуып, ғимарат пен кассаны тартып алмақ болған. Олар компанияны банкротқа ұшырату үшін жан-жақты тырысуда, дейді продюсер. 17 наурызда тұтқындау мен қамауға алудан кейін олар дәлелдемелерді жасыру және сатуды тоқтату үшін бүкіл мәліметтер базасын жойды.
"Басты қозғаушылардың аты-жөндерін атаймын: қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Айдархан Бектібаев, бұған дейін ол зорлық-зомбылық қолданып адам ұрлағаны үшін сотталған болатын. Директорлар кеңесінің "тәуелсіз" директоры Талғат Молыбаев, басқарма төрағасының орынбасары Светлана Недопрядченко, басқарманың бұрынғы төрағасы Ильдар Акчурин және заңсыз құжаттарға қол қойған тағы 14 адам", – дейді ол.
Баян Мақсатқызы олардың тарапы тергеу мен сот ісінің аяқталуын күткендігін айтады. Егер компанияға түрлі шабуылдар тоқтамаса, фото-видео құжаттарды көрсетіп үлкен баспасөз конференциясын беруге дайынбыз, дейді продюсер.
"Бұл адамдар мемлекет басшысының айтқанын елемей, адал әрі ашық бизнес жүргізушілерге мақсатты түрде заңсыздықтар жасап жатыр. Өздерінің жазадан құтылып кететінін білдіруде. Мұндай әрекет мемлекеттік саясатқа нұқсан келтіреді. Бұл - біздің ел құқықтық мемлекет емес, бандиттік мемлекет екенін қоғамға ашық насихаттау екенін айтқым келеді", - дейді Баян Мақсатқызы.
Еске сала кетейік, 15 наурызда белгілі қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының рейдерлік әрекетке қатысы бар деген сұраққа жауап беруге уәде берген болатын.
Айта кетейік, 15 наурызда сот Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыны қамауға алуға рұқсат бергені белгілі болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024