Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Байден Американың Украинадағы жоспары туралы айтып берді

Байден Американың Украинадағы жоспары туралы айтып берді

АҚШ. 1 маусым. 7kun.kz – АҚШ президенті Джо Байден The New York Times газетіндегі мақаласында елдің Украинаға қалай көмектесуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Американың мақсаты қарапайым. Біз демократиялық, тәуелсіз және гүлденген, агрессияға тоқалуыл қоя алатын Украинаны көргіміз келеді», – деп жазды АҚШ президенті.

Оның пікірінше, Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер ұзаққа созылып кетті. Өйткені Ресей Украинаның мүмкіндігінше көп бөлігін өз бақылауына алу үшін соғыс жүргізуді жалғастыруда.

Сондай-ақ ол Украинаның өз шекарасынан тыс аумаққа соққы жасауын қолдамайтынын және рұқсат бермейтінін баса айтты.

«Біз соғысты созғымыз келмейді», - деп түсіндірді америкалық көшбасшы.

Байден АҚШ Ресейге қарсы санкциялар бойынша одақтастармен ынтымақтастықты жалғастыратынын, сондай-ақ Украинаға жоғары дәлдіктегі зымыран жүйелері мен оқ-дәрілерді жеткізетінін атап өтті. Президенттің айтуынша, олар Сенат мақұлдаған 40 миллиард доллар түріндегі қосымша қаржылық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Ол АҚШ НАТО мен Ресей арасындағы соғысты көздемейтінін де айтты.

Похожие материалы