Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz — 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда байланыс қызметтерінен түскен компаниялардың табысы бір жылда 9,8%-ға ұлғайып, 800,1 млрд теңгені құрады. 2018 жылдың ұқсас кезеңінде табыс сомасы 3,7%-ға өсіп, 728,7 млрд теңгеге жетті. Мұндай деректерді ranking.kz ұсынды.
Байланыс нарығының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлесті интернет қызметтерінен түскен кірістер құрайды: 35,6% немесе 285,1 млрд теңге. Сома 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6%-ға өсті (244,6 млрд теңге). Өсудің негізгі себебі - интернет қызметтеріне сұраныстың артуы. Секторда тарифтердің өсуі де өз рөлін атқарды. Есепті кезеңде интернет-байланыс бағасы 2018 жылғы қаңтар–желтоқсанға қарағанда 3,3%-ға өсті.
Сонымен қатар, нарықтың 27,7%-ы ұялы байланыс қызметтерінен түскен табыстарға тиесілі. Өткен жылдың қаңтар–желтоқсан айларындағы сома 221,6 млрд теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға артты (215,5 млрд теңге). Өсім тарифтердің қымбаттауы есебінен болып отыр. 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда сектордағы бағалар 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 1,3%-ға өсті.
Бұл ретте, ұялы байланыс абоненттерінің саны қысқарғанын атап өту керек.
Бұдан басқа, сымды және сымсыз телекоммуникациялық желілер бойынша деректерді беру қызметтері 2019 жылдың қаңтар–желтоқсанында нарықтың 6%-ын немесе 47,6 млрд теңгені, ал жергілікті телефон байланысы қызметтері - 36,7 млрд теңгені немесе жалпы соманың 4,6%-ын құрады.
2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қазақстанда 25,7 млн ұялы байланыс абоненті болды — өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға аз (26 млн). Сонымен қатар, интернетке қолжетімдігі бар ұялы байланыс абоненттерінің саны жыл ішінде 3,9%-ға артып, 15 млн (бір жыл бұрын — 14,4 млн абонент) болған. Сонымен қатар, ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 адамға 139 данаға тең (бір жыл бұрын — 142 дана).
Елдегі тіркелген интернет абоненттерінің саны, өз кезегінде, бір жылда 1%-ға, 2,5 млн абонентке дейін өсті. Тіркелген интернет абоненттерінің тығыздығы 100 адамға 13 бірлікті құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024