Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – Байқоңыр ғарыш айлағынан 2019 жылдың мамыр айының соңында әуе кемесі ұшырылады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ямал-601» телекоммуникациялық ғарыш құрылғысы 30 мамырда «Бриз-М» үдемелі богымен жабдықталған «Протон-М» зымыранының көмегімен ұшырылады деп жоспарланып отыр. «Ямал-601» ғарыш құрылғысының бастапқы салмағы 5400 келіден асады.
Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2019 жылдың 27 сәуірінде «Ямал-601» ғарыш құрылғысы Байқоңыр ғарыш айлағына «Волга-Днепр» әуе компаниясының АН-124 транспорттық ұшағымен жеткізілген еді.
«Ямал-601» спутнигін Thales Alenia Space еуропалық компаниясы Ресейдің «Газпром ғарыш жүйесі» компаниясының (ГҒЖ) тапсырысымен жасаған. Ол қазіргі «Ямал-202» спутнигінің орнына, орбитада 49 градус шығыс бойлыққа жайғасады.
Спутник Еуропалық одақ аумағына, Ресейдің еуропалық бөлігіне, Орал мен Батыс Сібірге байланыс қызметін ұсынады. Сондай-ақ, Таяу Шығыс, Солтүстік Африк және Оңтүстік-Шығыс Азия өңірлері «Ямал-601» сәуле тарату аймағына кіреді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024