Экономика
«Бәйтерек» холдингі KASE-те 77,7 млрд теңгеге облигациялар орналастырды
Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі 2018 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан қор биржасында 77,7 млрд теңгеге теңгелік облигациялардың дебюттік шығарылымын орналастырды.
Жалпы айналымға 77,7 млн облигация шығарылды. Бір номиналды құны – 1 мың теңге. Айналым мерзімі – 15 жыл. Бұл ретте купон бойынша сыйақы жылына екі рет жүзеге асырылады.
«Жиналған қаражат қолданыстағы және жаңа бағдарламаларды жеңілдікпен қаржыландыруға, оның ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісі бойынша әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және «Қазақстандық Ипотекалық Компания» желісі бойынша ипотекалық нарықты ынталандыруға бағытталады», - деп түсіндірді холдинг Басқармасы Төрағасының орынбасары Ғалымжан Тәжияқов.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024