Бүгінгі педагогикадағы маңызды мәселелердің бірі – жасөспірімдердің экономикалық білімін қалыптастыру, яғни балаға жастайынан қаржы сауаттығын баулу. Бұл игі қасиеттерді қалыптастыру барысында ұстаздар мен ата-аналардың бірлесе еңбек етулері аса маңызды.
Баланың «Ақша қайдан келеді?», оны үнемдеу жолдары, тауар құны, алыс-беріс, сауда-саттық сынды ең қажетті ақпараттардан хабардар болуы болашақтағы тұлғалық қасиетінің қалыптасуына негіз болатын алғышарттардың бірі. Қаржылық сауаты оянған бала ата-анасына түсіністікпен қарайды, ақшаның құнын біліп өседі. Қаржылық қажеттілігін керегінше жоспарлап, дұрыс шешім қабылдауға бейімделеді. Болашақта неше қаражат керектігін есептеп, оны табу жолдарын іздейді. Сонымен баланы қаржы сауаттылығына қалай үйретуге болады? Соған тоқталайық.
Балаға ақшаны қайдан алатыныңызды түсіндіріңіз.
Бір парақ қағазды алып, сіздің табысыңыздың сомасын көрсетіңіз. Одан пәтерге, салыққа және коммуналды қызметтерге кететін қаражатты алып тастаңыз. Тамаққа кететін ақшаны да сол сомадан азайтыңыз. Киімге, ойыншыққа және т.б. заттарға қанша ақшаның қалатынын балаңызға көрсетіңіз. Бұл тәсіл балаға ата-анасының түбінде қанша қаражатпен қалатынын көрсетеді. Қалған кішігірім ақшаға сіз қымбат ойыншық пен басқа да оның еркелікпен сұраған заттарын сатып ала алмайтыныңызды түсіндіріп беріңіз.
Балаңызға күнделікті беретін ақшаның нақты санын белгілеңіз.
Осы орайда мынандай эксперимент жасап көруге болады. Балаңыздың жасына қарай оған берілетін апталық ақшаның сомасын белгілейік. Мысалы, баланың жасы 10-да болса, оған 1000 теңге беріңіз. Әрине, одан бөлек баланың жақсы тәртібі мен жетістіктеріне қарай сыйлық ретінде қосымша шамалы ақша беріп тұруға да болады.
Күнделікті берілетін ақшаны дұрыс жұмсауды үйретіңіз.
Балаға қолында бар ақшаны керексіз майда-шүйде заттар мен тәттілерге жұмсағаннан гөрі, жақсырақ зат алу үшін жинауға болатыны туралы кеңес беріңіз. Сол кезде бала өзінің қаржылық жағдайын өздігінше шешуге икемденеді.
Балаңызға шамадан тыс сыйлық беруден аулақ болыңыз.
Балаға күнделікті ақша беріп үйреткеннен кейін оған толған ойыншық пен басқа да тәттілерді тектен-тек сыйлауды тежеген дұрыс. Одан гөрі беретін ақшаның сомасын сәл көбейтіп, баланың ақшаны жинауына талпынысын күшейтіңіз. Осы арқылы бала маңызды, алуға тұрарлық заттарды қажетсіз заттардан ажырата білетін болады.
Балаңызды жауапкершілікке үйретіңіз.
Баланың бойындағы жауапкершілік пен тиянақтылықты келесідей жолмен оятуға болады. Балаңыздың заттар мен ойыншықтарды жинамай, көзге түскен жерге шашып кететін әдеті бар делік. Ол әдетін қалай тыюға болады? Жай ғана іздеген затын тығып қойыңыз, екі күндей бермеңіз, қайтарып беру үшін ақы сұраңыз. Дәл осы тәсіл арқылы бала ақша төлеуден гөрі, өзіне тиесілі мүлікке алдағы уақытта мұқият болған дұрыс деген шешімге келеді.
Осы қарапайым тәсілдердің көмегімен балаға қаржы сауаттылығын үйретуге болады және ата-анасының еңбегін бағалауға тәрбиелей аламыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024