Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Балалар ойынынан өрт шықты. Алматыда тұрғын үй өртенді (Видео)

Балалар ойынынан өрт шықты. Алматыда тұрғын үй өртенді (Видео)

Алматы. 9 тамыз. 7kun.kz - Алматы қаласы, Бостандық ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Бұл туралы 7kun.kz тілшісі хабарлады.

Өрт шамамен кешкі сағат 17.15-те тұтанды. Тұрғын үй Марков және Пирогов көшелерінің қиылысында орналасқан. Тұрғындардың айтуынша, өрт үй ауласында балалар ойынынан тұтанған.

[caption id="attachment_75490" align="alignnone" width="2048"] Фото: 7kun.kz[/caption]

Сол жердегі ғимараттың күзет қызметкерлері дереу сөндіру қызметін шақырғандарын айтады. Өрт сөндіру қызметінің өкілдері 17.35-те келді. Іле-шала жол-патрульдік полициясы келді. Дереу алдын алу шараларының нәтижесінде жалын сағат 18.30-да толығымен сөндірілді. Үйдің бір жақ жанын және қақпа пен ауладағы ағаштар өртке оранды. Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

[caption id="attachment_75489" align="alignnone" width="2048"] Фото: 7kun.kz[/caption] [caption id="attachment_75492" align="alignnone" width="2048"] Фото: 7kun.kz[/caption]

Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі болған оқиғаға қатысты жауап беруден бас тартты.

Похожие материалы