Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Балалардың терезеден құлағаны үшін ата-аналарға қандай жаза қолданылады?

Балалардың терезеден құлағаны үшін ата-аналарға қандай жаза қолданылады?

Нұр-Сұлтан. 30 мамыр. 7kun.kz – Ата-анасының салғырттығынан кішкентай балаларының терезеден құлап кеткені үшін жауапкершілікке тартуға заң рұқсат бере ме, қандай жаза қарастырылатыны туралы Әкімшілік полиция комитеті департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Жұманалин брифингте айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

"Қауіпті жағдайда қалдыру Қылмыстық кодекстің 119-бабы бойынша жауапкершілікті көздейді. Жауаптылыққа тартудың алғы шарты өміріне немесе денсаулығына қауіп төніп тұрған адамды қасақана тастап кету. Бұл адам өзін-өзі сақтау шараларын қолдану мүмкіндігінен айырылуы керек. Қарапайым сөзбен айтқанда, ниет болуы керек, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төнетінін түсінуі керек», – деді басқарма басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, жаза қылмыстың ауырлығына және оның салдарына байланысты болады.

«Айыппұл, түзету жұмыстары түрінде жауапкершілік қарастырылған. Ауыр дене жарақаттары болған жағдайда бас бостандығынан шектеу немесе айыру қарастырылған», – деді Жасұлан Жұманалин.

ҚК-нің 119-бабына сәйкес, дәрменсіз адамды қауіпке қалдыру 100 АЕК-ке дейін айыппұл салуға, қоғамдық жұмыстармен немесе 45 тәулікке дейін қамауға алумен жазаланады. Егер жәбірленуші денсаулығына орташа немесе ауыр зиян келсе, санкция 2000 АЕК-ке дейін айыппұл (қоғамдық жұмыстар-тиісті мөлшерде), бас бостандығын шектеу немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін өседі.

Осы бап бойынша бір жәбірленушінің қайтыс болуы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе айыруға әкеп соғады. Екі немесе одан да көп адамның өлімі мерзімді бес жылға дейін арттырады.

Похожие материалы