Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz – Бала туған кезде бір реттік жәрдемақы қарастырылған. Оның көлемі бала туу санына қарай бекітілген. 2019 жылы бірінші, екінші, үшінші баланы туғанда берілетін жәрдемақы көлемі – 95 мың 950 теңгені құрайды, ал төртінші және одан көп бала туғанда – 159 мың 75 теңге беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында хабарланады.
Соңғы үш жылда жәрдемақының көлемі 38%-ға өсті. 2018 жылдың қортындысы бойынша, осы санаттағы отбасыларын қолдауға берілетін жәрдемақыға 40,7 млрд теңге бөлінді. Осы жәрдемақыны барлығы 395 мың адам алды.
Онымен қоса, біздің елде 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік қолдау қарастырылған. Мұндай қолдауға жұмыс істейтін де, жұмыс істемейтін де аналар ие.
Егер баланың анасы жұмыс істемейтін болса, бала туғаннан кейін оған 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы беріледі. Ол бір жыл бойы ай сайын беріледі. Ай сайын алатын жәрдемақы көлемі 14 544 теңгеден 22 473 теңгеге дейін жетеді.
2018 жылы бұл жәрдемақыны 125 мыңға жуық адам алды. Жалпы сомасы 30 млрд теңге. Соңғы 3 жылда аталған жәрдемақының көлемі 19%-ға артты.
Егер баланың анасы жұмыс істеген болса, оған да әлеуметтік төлемдер беріліп тұрады. Оған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік жәрдемақы беріледі.
Біріншіден, жүктілік және бала туу кезінде берілетін төлем. Оның көлемі әйелдің соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына қарай белгіленеді. Өткен жылдың қортындысы бойынша осындай төлемнің орташа көлемі 391 170 теңгені құрады;
Екіншіден, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысының 40%-ын құрайды. 2018 жылы аталған жәрдемақының орташа көлемі 32 мың 361 теңгені құрады.
2018 жылы барлығы 400 мың ата-ана Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалпы сомасы 165 млрд теңге болатын жәрдемақы алды.
Одан бөлек, мемлекет жүкті әйелдердің декреттік демалысында орташа айлық табысынан 10% көлемінде міндетті зейнетақы жарнасын субсидиялайды. Бұл бала күтімімен демалыста отырған әйелдердің зейнетақы жинағы тоқтап қалмау үшін жасалып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024