Алматы. 21 қараша. 7kun.kz – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Delta Bank» АҚ салымшыларына өтемақы төлейтін «Банк ЦентрКредит» АҚ банк-агент арасындағы келісім ұзартылды, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
«Delta Bank» АҚ салымшылары банк-агентке өтемдерін қайтару үшін 2019 жылдың 19 мамырына дейін өтініш беруге құқылы.
2018 жылдың 17 мамырынан бастап «Delta Bank» АҚ салымшыларына өтемақы төленуде. Салымшыларға жалпы соммасы 68,6 миллион теңге, немесе жалпы міндеттемелердің 43%-ы қайтарылды. 185 салымшыға өтемақы өтелді.
ҚДКБҚ-ның өтемақыларын қайтарып алуға өтініш бермеген салымшыларының алдындағы міндеттемелерінің балансы 89,4 миллион теңгені құрайды.
ҚДКБҚ кепілдігі жинақталған сыйақыны есепке ала отырып, екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың депозиттік шоттары 100%-ға дейін кепілдендіріледі. ҚДКБҚ жинақталған резервінің көлемі меншіктік капиталымен бірге 781 миллиард теңгені, екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың депозиттік базасының 10%-ын құрайды.
Банк-агент капиталдандырылған сыйақыны ескере отырып, депозиттерді, ағымдағы шоттарды және төлем карточкаларын қоса алғанда ҚДКБҚ атынан және оның есебінен «Delta Bank» АҚ-на салынған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақы төлейді:
10 миллион теңгеге дейін – ұлттық валютадағы депозиттер бойынша,
5 миллион теңгеге дейін – шетел валютасындағы депозиттер бойынша.
Өтемақы алуға жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер құқылы.
Салымшылар жеке немесе сенімгер тұлға арқылы өтініш бере алады. Жеке өтініш жасаған жағдайда, белгіленген нысанда өтемақы төлеуге өтініш беру үшін салымшының жеке басын куәландыратын құжаты болу керек. Нотариалды куәландырылған сенімхат болған кезде, сенімхат арқылы өтініш білдіруге болады. Өтемақы төлеу ұлттық валютада жүзеге асырылады: қолма-қол ақша немесе өтініш берушінің банктік шотына қолма-қол ақшасыз аударымдар, оның реквизиттері өтемақы төлеуге берілген өтініште көрсетіледі.
«Delta Bank» АҚ салымшылары үшін агент банкте салымды ашу мүмкіндігі де бар.
ҚДКБҚ мамандары консультациясын салымшылар 8 8000 80 10 20 (тегін қоңырау) телефоны арқылы хабарласа алады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024