Банк Хоум Кредиттің Басқарма Төрағасы болып Кирил Бачваров тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
««Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма Төрағасы лауазымына 2022 жылғы 4 сәуірден бастап Кирил Бачваров тағайындалды, ол бұған дейін 2 жыл Банктің қаржы директоры және 6 жыл маркетинг және стратегия директоры болып қызмет атқарған», – делінген банк хабарламасында.
Ол бұл лауазымға 2018 жылдан бастап Банкті басқарған Карел Горактың орнына келді.
Бачваров Кирил Атанасов 1973 жылы Болгарияда дүниеге келген
- 1996 жылы Aubg (Болгариядағы Америка Университетінде) Іскерлік әкімшілік және Менеджмент мамандығын тәмамдаған
- 2012 жылы SDA Bocconi университетінде (Милан, Италия) Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесіне ие болған.
Кәсіби жолы
- Кирил Бачваровтың маркетингті, корпоративтік коммуникацияларды және клиенттік тәжірибені басқаруға бағытталған халықаралық қаржы ұйымдарында (UniCredit Group, Home Credit Group) 20 жыл жұмыс жасаған.
- Банк Хоум Кредитте іскерлік жолын 2014 жылы Маркетинг және стратегиялық даму жөніндегі директор қызметінен бастады. Практикалық банктік сараптамаға деген талантының арқасында Кирил Бачваров Agile командасында маркетинг және клиенттік қызмет функциясын қайта құрды, кредиттік, дебеттік карталар портфелін және транзакциялық қызметтерді құру бойынша жобаларды жүзеге асырып, «Отбасынан отбасына» бренд-платформасына өтуге үлкен үлесін қосты.
- 2017 жылы Банк Басқармасының мүшелігіне енді.
- 2020 жылы Кирил Бачваров Банктің қаржы директоры болып тағайындалды, онда ол қаржы, қазынашылық, бухгалтерия, бизнес-аналитика және сатып алу басқармаларын басқарды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024