Қазақстанның қаржы министрлігі POS-терминалдары арқылы қолма-қол ақшасыз есептесу кезіндегі комиссия мқлшерлемесін төмендетуді ұсынады. Бірақ банк есепшотынан қолма-қол ақшаны шешіп алғандағы қызмет түрінің бағасы көбейетін болады деп хабарлайды қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетіндегі бақылау департаментінің директоры Ерлан Нұрланбаев.
"Қаржы министрлігінің көлеңкелі экономикаға қарсы күрес шарасы аясында Ұлттық банкке POS-терминалдары арқылы қолма-қол ақшасыз есептесу кезіндегі комиссия мөлшерлемесін төмендету туралы ұсыныс жіберілді. Жекелей алғанда, комиссиялық сыйақыны мемлекеттік бақылау туралы ұсыныстар енгізілді. Қолма-қол ақшасыз есептесу кезіндегі комиссия мқлшерлемесін төмендетудегі экономикалық шығындар банк есепшотынан қолма-қол ақша шешіп алу қызмет түрінің бағасын көтеру арқылы жабылады", - деді Нұрланбаев парламент мәжілісінде "ҚР-дағы қолма-қол ақшасыз айналымды ынталандыру" тақырыбындағы дөңгелек үстел кезінде.
"Біз төлем карталарының иелері карталарын жиі пайдалану үшін оларды қолданғанда н қандай да бір ақы болуын алып тастау қажет деп есептейміз", - деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024